Қапшағай қаласының 36 жастағы тұрғыны Жанна Өмірованың өтелмеген түрме мерзімін еркіндікті шектеуге алмастыру туралы өтінішін сот қабылдамады. Өмірова «діни араздық туғызған», «терроризмді насихаттаған» деп айыпталған.
Алматы облысы Іле аудандық сотының төрағасы Ертарғын Сәдуақасов осындай шешім шығарды. Өмірова 2017 жылы маусымда бес жылға сотталған. Ол кәмелет жасқа толмаған балаларына қарау үшін жазасын жеңілдетуді сұраған.
Жанна Өмірова отырған әйелдер түрмесінің өкілі оның 11 ескертуі болғанын айтты. Ал прокурор Сұңғат Сәтпаев жазасын өтеушінің түрмедегі әрекеттері үшін оның арызын қабылдауға қарсы шықты.
Өмірованың мүддесін сотта қорғаушы адвокат Айман Омарованың айтуынша, оның кәмелет жасқа толмаған екі баласы 66 жастағы ауру шешесінің қолында қалды. Күйеуі Жақсыбек Бимурзаев терроризм айыбымен 25 жылға сотталып, он жылдан астам уақыттан бері түрмеде отыр.
Өмірованың әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материал жариялаған деп айыптады. Өткен жылы сотта ол өзінің «Мой мир» парақшасында Саид Бурятскийдің діни уағызын өзі ғана пайданалу үшін жариялағанын мойындады.
KAZAKBOL.COM