Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Стамбулда Орталық Азия және Кавказ дөкейлерінің жиыны өтті

KAZAKBOL.COM

7 қазанда Стамбулдың Фатих ауданындағы Ақсарай ықшам ауданында Орталық Азия және Кавказ кринималдық дөкейлерінің басқосуы болды. Жиынға «Лоту Гули» лақап атымен танымал әзірбайжандық Надир Салифов төрағалық еткен.

Өзбекстандағы екі дереккөздің хабарлауынша, оған криминалдық әлемнің ондаған өкілі жиналған.

«Дөкейлердің басқосуына Орталық Азия өкілдерін «Ахтам Самаркандский» бастап барды. Бұған қоса, Өзбекстаннан шамамен 100 адам жиналды. Олар қазір Стамбулда тұрады. Қазақстаннан 30 дөкей, Қырғызстан мен Тәжікстаннан шамамен 50 адам келді», — осы жиынға қатысқан өзбекстандық дереккөз.

Тағы бір дереккөз бұл жиынның бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі криминалдық авторитеттердің ең ірі жиыны болғанын айтты. «Мұндай жиын Стамбулда бұрын болған емес. Басқосуда негізінен мәселелерді қалай шешу керектігі, оған кімдер төрағалық ететіні айтылды. Бұған қоса, «общакқа» түсетін ақшаны қалай жарату тиімді екені сөз болды», — деді ол.

Жиында ірі өзбек кәсіпкерінен ақшаны қайтару жолдары талқыланған. Дереккөз мәліметтеріне қарағанда, Надир Салифов 2010 жылы «общактағы» ақшадан 10 миллион долларды Өзбекстаннан жеміс-жидек таситын бір кәсіпкерге берген. Сол кезде Салифов ақшаны «общакқа» 2019 жылдың басына дейін қайтару керектігін ескерткен.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір күннен кейін, 8 қазанда түнде Стамбул полициясы 46 жастағы Надир Салифовты ұстаған. «Хурриет» басылымының хабарлауынша, Салифов «кісі өлтіруге талпыну», «есірткі тасымалдау» және «алаяқтық» қылмыстарын жасады деген күдікпен қолға түскен.

Еске салайық, Надир Салифов («Лоту Гули») «кісі өлтіру», «есірткі тасымалдау», «қару сақтау» және «алаяқтық» қылмыстары үшін 22 жыл түрмеде отырды. Ол 2017 жылы бостандыққа шықты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM