Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан тағы да Ауғанстанда «қауіпсіздік белдеуін» құруға үндеді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан сыртқы істер министрі есірткі контрабандасына тосқауыл қою үшін Ауғанстанда «қауіпсіздік белдеуін» құруға үндеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің Үндістанның Панаджи қаласында 4-5 мамырда өткен басқосуында Сироджиддин Мухриддин осындай ұсыныс тастады.

Тәжікстан билігі «қауіпсіздік белдеуін» құру мәселесін бірінше рет көтеріп отырған жоқ. Душанбенің пікірінше, мұндай белдеу заңсыз қару-жарақ және есірткі айналымына, заңсыз миграцияға тосқауыл болар еді. Тәжікстан билігі аймаққа террористік және экстремистік топтардың ағылуынан қауіптеніп отыр.

Президент Эмомали Рахмон Ауғанстанда «қауіпсіздік белдеуін» құру мәселесін 2022 жылғы қаңтарда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы сессиясында көтерген. Сол кезде ол Ауғанстанның солтүстік-шығыс провинцияларында содыр дайындайтын қырық шақты лагерь мен орталық жұмыс істейтінін, онда 6 мыңнан аса содыр бар екенін мәлімдеген. 2021 жылғы тамызда Ауғанстан түрмелерінен террористік ұйымдардың мыңдаған мүшесі бостандыққа шықты, деп мәлімдеген тәжік президенті.

Бір апта бұрын тәжік-ауған шекарасында қарулы сегіз ауған азаматы шекарадан заңсыз өтуге талпынған. ҰҚМК мәліметінше, контрабандашылар бұйрыққа бағынбай, тәжік шекарашыларына оқ атқан. Атыс кезінде қауіпсіздік комитетінің 33 жастағы қызметкері Комрон Раджабзода оққа ұшқан.

Тәжікстан мен Ауғанстанның ортақ шекарасы 1300 шақырымға созылып жатыр. Ауғанстан әлемдегі ең ірі есірткі өндіруші ел.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM