Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ТВЕА қытай компаниясының жергілікті жұмысшылары бас көтерді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Айни ауданындағы «Кумарги Боло» алтын кенін игеріп жатқаны қытайлық ТВЕА компаниясының 200-ге жақын жергілікті жұмысшысы асханадағы тамақ сапасына наразылық білдіріп бас көтерді.

Мәліметке қарағанда, 25 маусымда жергілікті жұмысшыларға әдеттегідей күріш және арпа ботқасы берілген. Олар мұндай тамақты ішуден бас тартып, наразылық ретінде жерге төгіп тастаған.

Аты-жөнін білдіргісі келмеген жұмысшылардың айтуынша, компания басшылары мәселені шешуге уәде берген.

«Бізге қайнатылған, еті жоқ тамақ береді. Кенде жұмыс ауыр болғандықтан, жұмысшылар колориялы азықпен тамақтануы тиіс. Біз түскі аста тамақсыз қалдық. Кешке картоп қуырып берді», — дейді жұмысшылардың бірі.

ТВЕА компаниясының жетекшілері мен Айни аудандық билік өкілдері бұл мәселе бойынша түсініктеме беруден бас тартты.

ТВЕА қытай компаниясы 2018 жылы Айни ауданындағы «Жогорку Кумарг» және «Чыгыш Дуоба» алтын кенін игеруге лицензия алған. Мұндай құқық компанияға «Душанбе-2» жылу электр станциясының құрылысына бөлінген қаржыны қайтарып алу үшін берілген.

«Душанбе-2» жылу электр станциясының жалпы құны 340 миллион долларды құраған. Оның 331 миллион долларын Қытайдың Эксимбанкі жеңілдетілген несие ретінде берсе, 17,4 миллионын Тәжікстанның «Барки Точик» энергохолдингі бөлген.

Тәжікстанда осыған дейін де қытай компаниясында жұмыс істейтін жергілікті жұмысшылар құқықтарының бұзылып жатқанын айтып, наразылық білдіріп келген.

Биыл сәуір айында жұмысшылардың құқықтарын бұзғаны үшін China Nonferrous Gold Limited (CNG) қытай компаниясы иелік ететін «Покруд» бірлескен кәсіпорнына 1500 сомони (133 доллар) көлемінде айыппұл салынған.

Жыл басында үкімет үйін салып жатқан «Чиангду» қытай компаниясының жергілікті жұмысшылары да құқықтарының бұзылып жатқанын айтып, шағымданған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM