Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда доллар бағамы өсіп, азық-түлік қымбаттап жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда доллар бағамы өсіп, азық-түлік қымбаттап, ұн, өсімдік майы және қант бағасы өсіп жатыр.

Душанбелік Фирдавс Гафуров атты саудагер соңғы күндері тауарларды қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болып жатқанын айтады.

«Қазір 50 келі бір қап ұнды 275 сомониден алып, 280 сомониге сатып жатырмыз. Осыған дейін 265-266 сомониден алып, 270-тен сатқанбыз. Өсімдік майы мен қант та қымбаттап кетті. Доллардың қымбаттауынан шетелден келетін тауарлардың да бағасы өсуі мүмкін. Оның ішінде Қазақстанның бидайы мен ұны бар», — деді ол.

Озоди радиосының Душанбедегі базарлардың біріне барып келген тілшісінің айтуынша, соңғы күндері 50 келі бір қап ұнның бағасы 10 сомониге, 1 литр өсімдік майы 1 сомонигежәне 1 келі қант бағасы 2 сомониге қымбаттаған.

9 наурызда Тәжікстанның Ұлттық банкі валюталардың жаңа бағамын жариялап, 100 АҚШ долларын 1300 сомониге бағалаған. Бұл 8 наурыздағы бағаммен салыстырғанда 170 сомониге көп. Сарапшылардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне Ресей мен Украина арасындағы жағдай себеп болып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM