Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда төрт оқушы суға басып кеткеннен кейін екі мұғалім ұсталды

KAZAKBOL.COM

Сырдария өзеніне төрт оқушы батып кеткеннен кейін, Истаравшан қаласы №60 мектептің екі мұғалімі ұсталды.

Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі мәліметінше, ұсталғандар Қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өліміне себепкер болды» деген бап бойынша күдікке ілінген. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қызметінен шеттетілуі мүмкін.

Ниджони Истаравшан ауылындағы №60 мектептің оқушылары Бахтиёр Каримкулов, Садриддин Каримов, Лазизбек Хидиров және Асилбек Мамадисоев Сырдария өзеніндегі баруға тыйым салынған жерге суға түсіп батып кеткен. Олардың жасы 16-да. Бәрі 8 шілдеде жер қойнына тапсырылған.

7 шілде күні 6 және 9-сыныптың 20-дан астам оқушысы мектеп директоры және екі сынып жетекшісімен бірге Худжанд қаласына барған. Саяхат кезінде мұғалімдер оқушыларды қараусыз тастап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, суға түсіп жатқан кезде бір бала суға батып бара жатқанда артынан көмекке барған үшеуі де батып кеткен.

Марқұмдардың ата-аналары қайғылы оқиғаға мұғалімдерді кінәлайды.

Истаравшан қаласының білім беру департаменті Худжанд қаласына саяхат жоспардан тыс болған әрі жергілікті биліктен келісілмеген дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM