Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәлібтер Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас Ойхоним уезін басып алды

KAZAKBOL.COM

«Тәлибан» қозғалысы Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас Ойхоним уезін басып алғаннан кейін, тәжік тарабы «Кокул» шекара бекетін уақытша жапқан.

«Тәлибан» қозғалысы содырларының Ойхоним уезі мен ондағы шекара бекетін басып алғаны жөніндегі ақпаратты Тахор ауған провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Халил Асир мәлімдеді.

Оның сөзінше, қарулы ұрыс кезінде 13 шекара полициясы қаза тауып, жетеуі жараланған.

«Тәлібтер шекара бекеті мен кеден жабдықтарын басып алды. Қазір үкімет әскері қарсы шабуыл операциясына дайындалып жатыр», — деді Халил Асир.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерінің баспасөз хатшысы Мұхаммаджон Улугходжаев тәжік-ауған шекарасында болып жатқан жағдай толық бақылауда екенін, шекарадан заңсыз өту әрекеттері орын алмағанын мәлімдеді.

Бірақ Куляб аймағының күш құрылымындағы дереккөздің мәліметінше, тәлібтер туын Ойхоним шекара бекетіне іліп қойған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM