Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан 40 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда елден шығуға қойылған жас шектеуі 40-қа дейін көтерілді, деп хабарлады Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі.

«25 маусымда дашоғыздықтар қаланың көші-қон қызметінен азаматтарға шетелге шығуға тыйым жасы 30-дан 40-қа ұлғайтылғанын білді», — деп хабарлады Азатлыктың осы аймақтағы тілшісі.

Сапармырат Түркіменбашы ауданының бір тұрғынының айтуынша, туристік визаға рұқсат сұрағандарға көші-қон мекемесіндегілер «жоғарыдан жас шектеуі туралы нұсқау алғанын» хабарлаған.

«Тыйым себебін сұрағанымда, уәлаятта жұмысқа жарамды ешкім қалмады деп жауап берді», — деді Сапармырат Түркіменбашы ауданының 36 жастағы тұрғыны.

Азатлык радиосы сәуір айының ортасында биліктің 30 жасқа толмағандарды халықаралық рейске жібермегені туралы хабарлаған. Халықаралық рейстерге әйелдерді де жібермеген жағдайлар да тіркелген.

Түркіменстан билігі елден шетелге шығуға тыйымды ресми түрде жарияламайы, тұрғындарға тыйымның себептерін түсіндірмейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM