Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан билігі мигранттарын елге қайтару үшін ақсақалдарды тартып жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда жалғасып жатқан экономикалық дағдарыс салдарынан көбі жұмыс іздеп шетелге кетіп жатыр. Ал түркімен билігі болса, еңбек мигранттарын елге қайтару үшін, ауыл ақсақалдарын тартып жатыр.

Түркіменстанның Лебап уәлаятының Сердарабат, Чарджев, Гарабекевюл, Халач және Сакар елді мекендерінен жеткен хабарға қарағанда, жергілікті билік шетелде жұмыс істеп жүрген отандастарын қайтару үшін ауыл ақсақалдарын тартып жатыр.

«Жергілікті билік ақсақалдарды шақырып алып, елде жаңа жұмыс орындары ашылады, елге қызмет етулерің керек деп үгіт-насихат жүргізіңіздер. Шетелде заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматтар елді ұятқа қалдырып жүр деп айтыңдар, сонымен бірге олар билікке қарсы сын айтпайтын болсын деп үгіттеңдер деп жатыр», — дейді жергілікті тұрғын Азаттықтың түркімен қызметіне.

Мары уәлаятында шетелде жүрген мигранттардың туыстары да хабарласып, науқаннан бас тартқан қарияларды халықтық ақсақалдар кеңесінен шығарып жатқанын айтады.

«Әр аптаның басында әкімшілікте жиналыс өткізеді. Кейбір ақсақалдар мұндай жиынға барғылары келмейді. Бастапқыда біраз қариялар жиналыста алдымен жаңадан жұмыс орындарын ашыңдар, сосын олар өздері-ақ елге оралады, бұл мемлекеттің саясаты неге біз араласуымыз керек деп ашық айтты. Осыдан кейін екі қарияны халықтық ақсақалдар кеңесі мүшелігінен шығарып жіберді», — деді мигранттың туысы.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM