Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанның елді-мекендерінде телевизиялық тарелкаларды жаппай алып тастап жатыр.
«Өткен аптада Дашогуз облысының және аудан әкімдігі бюджеттік мекемелердің басшыларымен жиналыс өткізіп, қарамағындағы қызметкерлердің шетелдік телеканалдарды көрмеуін қадағалауын және үйлеріне орнатқан спутниктік антенналарды алып тастауын талап еткен», — деп хабарлайды Азатлыктың Түркіменстандағы тілшісі.
Азатлыкқа сұқбат берген жергілікті тұрғын халықтың негізінен ресейлік және түрік телеканалдарын көретінін айтады. Сонымен бірге спутниктік антенналар арқылы шетелдік радиоларды, оның ішінде Азатлык радиосының хабарларын тыңдауға болады екен.
Қазіргі таңда Түркіменстанда мемлекеттік 7 телеканал мен 4 радиостанция жұмыс істейді.
KAZAKBOL.COM