Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Трамп пен Путиннің кездесу орны мен күні белгілі болды: Хельсинки, 16 шілде

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 16 шілдеде Финляндия астанасы Хельсинкиде кездеседі. Бұл туралы 28 маусымда Ақ үй мен Кремль хабарлады.

Кремльдің мәлімдеуінше, кездесу барысында АҚШ пен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасы, алдағы жоспарлар, халықаралық проблемалар талқыланады.

Трамп пен Путин саммитінің өтетіні туралы алғаш рет 26 маусымда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтонның Ресейге сапары кезінде айтылған.

Reuters агенттігінің жазуынша, саммит АҚШ-тың бірқатар одақтастарын алаңдатып, әрі олардың ашуын туғызып, «Ресей президентін бетімен жіберді» деп Трампты сынға алуы мүмкін деп жазады. Трамптың өзі Путинмен қарым-қатынасты жақсартып, Ресейді ғаламдық проблемаларды бірге шешуге шақырғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген.

Екі ел лидерінің кездесуі 11-12 шілдеде болатын НАТО саммитінен кейін өтеді. Одан кейін Трамп 13 шілдеде Британияға барады. Сосын Мәскеуде футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Путинмен кездеседі.

Финляндия — бейтарап мемлекет. 1975 жылы Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі жиналыстың қорытынды актісіне қол қойылған. Сол кездегі СССР мен АҚШ-тың келіссөзін «қырғи-қабақ соғыстың бәсеңдеуі» деп атаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM