Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан төл әлеуметтік желісін іске қосты

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда алғашқы әлеуметтік желі – «Биз бярде» («Біз осындамыз», қысқартылған нұсқасы — «Би-Би») жұмыс істей бастады. Бұл туралы жартылай ресми Медиа-Түркімен ақпараттық агенттігінің «Ориент» сайты хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, сайттың тұсаукесер рәсімі 23 желтоқсанда «Түркіменстан» концерт залында өткен.

«Қолданушылардың көңілінен шығу үшін көп еңбектендік. «Биз бярденің» кемшіліктері жоқ емес, бірақ Түркіменстанда кең тараған әлеуметтік желілерден кем емес», — деді «Сунгат эсери» бас директоры Азиза Бекназарова.

Желі қосымшасын бес мыңнан астам адам жүктеген, үш мыңнан астам адам оны тұрақты тұтынады.

Айта кетерлік жайт, әлемде кең тараған Facebook, Twitter, Instagram секілді әлеуметтік желілер Түркіменстанда ашылмайды. Жергілікті халық прокси сервер қолдануға мәжбүр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM