Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік чаканы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

KAZAKBOL.COM

ЮНЕСКО — Мәдениет, ғылым және білім мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәжікстандағы чакан кестелеу өнерін адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізді.

Мұндай шешім 29 қарашада ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің жыл сайынғы жиналысында қатылданды. Форум Порт-Луиде (Маврикий) өтіп жатыр.

«Чакан» кестелеу өнері Хатлон облысы мен Дарвазада көне замандардан көйлекті сәндеу үшін пайдаланылады. Бұл кесте үшін түрлі-түсті мақта жіптер қолданылады. Куртаи чакан («Чакан көйлек») — қолмес кесте салынған кең көйлекті Тәжікстанның таулы аудандарындағы әйелдер жүздеген жылдар бойы киіп келеді. Чаканда қолданылатын көптеген оюлар арасында исламды қабылдағанға дейінгі кезеңнің мәдениетіне тән элементтер мен белгілерді кезіктіруге болады. Наурыз мерекесінде тәжік қыздары атлас немесе чакан көйлек киіп жүреді.

Тәжікстан халқы чакан кесте салынған тақияларды да киеді.

Адамзаттың материалдық емес мұралары тізімі қазір 399 элементтен тұрады.

Еске салайық, 2016 жылы желтоқсанда «ош палауы» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген еді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM