Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік кеден қызметінің баспасөз хатшысы есін жимастан қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан кеден қызметі баспасөз хатшысы полковник Фахриддин Собиров есін жимастан қайтыс болды. Ол 13 қазанда ауруханаға түскен еді.

Душанбе қалалық ішкі істер бөлімі офицерге белгісіз біреулер шабуыл жасады деген ақпаратты жоққа шығарды. Астана милициясының мәліметі бойынша, Фахриддин Собиров қан қысымының көтерілуінен есінен танып қалған.

Бейнебақылау камераларын зерттеген милиция қызметкерлері ешқандай шабуыл жасалмағанын хабарлаған. Дәрігерлер оның қан қысымы 220-ға дейін көтерілгенін айтқан.

Собировқа шабуыл жасалған деген мәліметті оның туыстары таратқан. Олар шабуыл себебін білмейді. Офицердің әпкесі Сайёра Собированың айтуынша, оған шабуыл жасап, басынан ауыр бір затпен ұрған.

«Біз оны ауруханаға жеткізгенде, ол есін білмейтін. Дәрігерлер Фахриддин өзі құлап, басын тасқа жарып алды дегенге сенбейді. Олар басынан ауыр затпен ұрған деп болжайды», — деді Собирова.

Фахриддин Собиров кеден қызметі баспасөз хатшысы қызметіне бір апта тұрын тағайындалған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM