Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан түрмесіндегі бүлік кезінде 50 сотталушы қаза тапқан

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы №3/3 түрмесінде болған бас көтеру кезінде шамамен 50 адам қаза тапқан. Алты түрме күзетшісі ауруханада жатыр.

Азаттықтың тәжік қызметінің тілшісі мемлекеттік мекемеден түрмеде қаза болғандардың тізімін байқап қалған. Онда кемінде 50 адамның аты-жөні жазылған. Қазіргі кезде тек колония майоры Мирсаид Кадыров пен Эхсон Ёкубовтың қаза тапқаны белгілі.

Ресми билік БАҚ-тағы түрмедегі бүлік жайында жазылған хабарларға ресми түсініктеме бермей отыр. Ал қаза тапқан сотталушыларды жерлеу рәсімі құпия түрде жүзеге асып жатқаны белгілі болды.

Абақтыда қаза тапқандардың бірі, 12 жылға сотталған 23 жастағы Бахром Исмоиловтың анасы Рукия Исмаилова ұлымның мәйітін көруге рұқсат бермеді дейді.

​«Мені ұлыңыз ауырып қалды деген себеппен түрмеге шақырып алды. Сонда барғанда, ұлымның қаза тапқанын білдім. Ондағы қызметкерлер сотталушылар күзетшілерді ұрып-соқты, біз қол қусырып қарап отырмадық деді. Бахромның денесі зиратқа оралған күйде әкелді. Маған ұлыммен қоштасуға рұқсат бермеді»,- дейді Рукия Исмаилова.

Худжанд түрмесінде 8 қарашаға қараған түні тәртіпсіздік орын алған. Бүлікті «Ислам мемлекеті» террористік тобы мойнына алды. Бұл ақпаратты Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөз де растады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM