Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ІІМ бұрынғы бөлім бастығы 28 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның жоғары соты ішкі істер министрлігінің заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімінің бұрынғы бастығы Файзулло Гадоевты 28 жылға соттады.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 15 қазанда шыққан. Гадоевқа “заңсыз есірткі айналымына қатысы бар”, «ірі көлемде пара алды», «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» және тағы екі бап бойынша айып тағылған.

Тәжікстанның жоғары соты экс-шенеуніктің мүлкін тәркілеп, мемлекетке беру туралы шешім шығарған. Ол мемлекеттік наградаларынан да айырылған.

Генерал-майор Файзулло Гадоев бес жылдан астам уақыт бойы ішкі істер министрлігіндегі заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімін басқарған. 2007 жылы басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім жетекшісі қызметінен кеткен. Ішкі істер министрлігінде 1982 жылдан бері қызмет еткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM