Тәжікстанның Гиссар қалалық соты жеті жастағы қызды зорлаған екі жасөспірімді жеті жылға бас бостандықтарынан айырды. Сот шешімі әлі күшіне енбеген, айыпталушы тараптың қайта шағымдануына мүмкіндіктері бар.
Жеті жастағы қызды зорлау оқиғасы биыл жазда Гиссар ауданы маңындағы Кончи қышлағында болған.
«Жеткіншектер сотта айыптарын мойындады, өкінетіндерін білдірді. 14 жастағы С.Р. және 15 жастағы Т.Р. деген Кончи ауылының тұрғындарын Қылмыстық кодекстің 139- бабы, 4-тармағы бойынша айыпты деп тапты»,- дейді дереккөз.
Сотталушының анасының бірі Гүлбахор жалғыз ұлына шығарылған сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. «Ол менің жалғыз ұлым… Не айтарымды да білмей тұрмын» дейді ол.
Негізгі күдікті С.Р. кішкентай қыз ата-анасына болған жайды айтып бергеннен кейін, он күннен соң тергеуге алынған. «Қызымызды зорлағаннан кейін, оның мойнына пышақ тақап, егер біруге айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан. Сол үшін алғашқы күндері қызымыз бізге ештеңе айтпады», — дейді жәбірленушінің ата-анасы.
Жәбірленуші келесі күні әжесіне ішінің ауыратынын айтып, шағымданған. Қыз көршінің баласы мен оның досы өзіне тиіскенін айтып берген. Медициналық сараптама қыздың зорланғанын растаған.
Тәжікстанда қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады, ал ал қылмыстың ауыр түрі — адам өлтіру, зорлау, тонау секілді іс бойынша, 14 жастан бастап жауапқа тартылады.
KAZAKBOL.COM