Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда түрме бүлігінен 22 адам «қаза тапқан»

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы қатаң режимдегі колонияда болған бүліктен, кемінде 22 адам қаза тапқан деп хабарлайды дереккөз. Әзірге екі күзетшінің өлімі расталған. Сотталушылардың бас көтеруі 8 қарашаға қараған түні болған.

Бүлікті басу кезінде бірнеше сотталушы мен күзетшілер жараланған. Дереккөздің айтуынша, алты күзетші қалалық ауруханаға түскен. Бас көтеру кезінде 29 жастағы күзетші Эхсон Ёкубов қаза болған. Ол Пастигав ауылындағы зиратқа жерленген.

Пастигав ауылының басшысы Шохкарим Мухаммадиев күзетшімен қоштасуға түрме басшылығы да келгенін айтады. Жерлеу рәсімі кезінде түрме қызметкерлері бүлікті аса қауіпті қылмыскерлер қашу мақсатында ұйымдастырғанын айтқан. Бірақ оларды дер кезінде басқан. Марқұм Эхсон Ёкубов әскери борышын өтеп келгеннен кейін, колонияда күзетші болып жұмыс істеген. Артында екі баласы қалды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз төтенше оқиғаны тексеру үшін, арнайы тергеу тобы құрылды деді. Оны Тәжікстан бас прокурорының орынбасары басшылыққа алған.

Қатаң режимдегі колонияда тәртіпсіздік 8 қарашаға қараған түні болған. Түрмеге арнайы қызмет әскерлері жұмылдырылған. Бас көтергендер суық қару қолданған. «Менің дерегім бойынша, бірнеше сотталушы қашу кезінде зардап шекті», — дейді ол.

Куәгерлердің айтуынша, Худжанд тас жолдарын күш құрылымдарының қызметкерлері күзетіп тұр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM