Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жаңа жылдан бастап айыппұлдар мен баж салығы өседі

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда келесі жылдан бастап айыппұлдар мен баж салығы 10 пайызға көтеріледі. Мысалы, бағдаршам қызылынан өтіп кеткендер 250 сомониден (28 доллар) 275 сомониге көтеріледі.

Бұлар «Тәжікстанның 2019 жылғы мемлекеттік бюджеті туралы» заңға сәйкес өседі. Келесі жылдан бастап есептеуге арналған көрсеткіштер көлемі 50 сомониден ($5,33) 55 сомониге көтеріледі дейді сарапшылар.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары 23 қарашада үкіметтің бюджет туралы заң жобасын мақұлдады. Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемі — 23 млрд 774 млн сомони.

Тәжікстанда 2008 жылдан бері есептеуге арналған көрсеткіш түсінігі ең төменгі айлық көрсеткішіне алмастырылған, салықтар, айыппұлдар, баж салығы және басқа да төлемдер соның негізінде есептеледі.

Тәжікстан қаржы министрлігінің Бюджет жөніндегі бас басқармасы есептеуге арналған көрсеткіш жыл сайын инфляция деңгейін ескеру арқылы белгіленеді деп түсіндірді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 50 сомони ($5,33) деп белгіленген.

Жергілікті сарапшылар есептеуге арналған көрсеткіштің өсуі көлік жүргізушілерге соққы боп тиеді деп есептейді. Кейбір жүргізушілердің пікірінше, айыппұлдың өсуі жемқорлықты одан сайын көбейтеді -жүргізушілердің жол инспекторларына беретін парасы өседі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM