Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Талибан»: Қытай Ауғанстанды қалпына келтіруде «басты әріптес» болады

KAZAKBOL.COM

«Талибан» қозғалысының мәлімдеуінше, Қытай Ауғанстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады, ал АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері елден кеткен соң Кабулге келетін жаңа басшылық экономика мәселесінде Пекиннің қолдауына сүйенеді.

«Талибан» өкілі Забиулла Муджахид 2 қыркүйекте италиялық La Repubblica газетіне Қытай — Ауғанстанды қалпына келтіру мен экономиканы реттеудегі «басты әріптес» деп мәлімдеді.

Батыс қолдаған үкіметті ығыстырып, елдегі билікті басып алған тәліптер адам құқықтарының кейбірін қорғауға, қарсыластарын қудаламауға уәде берген.

Құрама Штаттар мен оның одақтастары Ауғанстандағы дипломатиялық миссияларын жапты. Батыстың мәлімдеуінше, «Талибан» үкіметін мойындау мен елге экономикалық көмек көрсету қозғалыс әрекетіне байланысты болмақ. Дегенмен Қытай көмек көрсету мен саяси байланыс орнату мәселесінде адам құқықтарына қатысты жағдайға мән беруі екітайлай.

«Қытай біздің басты әріптесіміз, өйткені олар елді қалпына келтіруге, инвестиция салуға дайын отыр», — деді Муджахид La Repubblica газетіне.

Ол тәліптер Пекиннің «Бір белдеу — бір жол» бастамасына қызығушылық білдірген айтты. «Бізде мыстың бай кендері бар, қытайлардың көмегімен соларды жаңартамыз. Қытай біздің әлем нарығына шығуымызға жол ашады», — деді Муджахид.

«Талибанның» тағы бір өкілінің 2 қыркүйекте мәлімдеуінше, Қытай Ауғанстандағы елшілігін ашық ұстауға, қарым-қатынасты нығайтуға, сонымен бірге гуманитарлық көмегін көбейтуге уәде берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM