KAZAKBOL.COM

«Тараз қаласының орталық алаңына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді» деп хабарлады Жамбыл облыстық әкімдігінің қаулысына сүйенген ҚазТАГ агенттігі. Орталық алаң бұған дейін «Достық» деп аталып келген. Алаңға Назарбаев есімі берілетіні маусым айында хабарланған.

Қазақстанды соңғы отыз жыл бойы үзіліссіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президент қызметінен кеткен. 2018 жылы Назарбаевқа Қазақстан қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген. Конституциялық кеңес құрамына Қазақстан президенті де кіреді. Бұған қоса Назарбаев конституциялық кеңес мүшесі және парламент сенатының құрметті сенаторы болып сайланған.

Наурыз айында президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жарлығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын қыран» орденін тапсырған еді. Бұған қоса тұңғыш президенттің құрметіне барлық облыс орталықтарының басты көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру, Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан. Биліктің бұл шешіміне қарсы кейбір қалаларда наразылық акциялары өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысынан кейін Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерген, бірқатар облыс орталықтарындағы орталық көшелерге Назарбаев есімі берілген. Қызылорда қаласының Абай көшесі Назарбаев есімімен аталды. Биыл наурыз айында жергілікті мәслихат депутаттары Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан, Тараз қаласындағы Төле би, Қостанай қаласындағы Абай көшесін Назарбаев атымен атау туралы шешім шығарған. Бірақ мұндай шешім әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырғандықтан республикалық ономастикалық комиссия мәселені қайта қарауға жіберген. Кейіннен тұңғыш президент аты басқа көшелерге берілді.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя