Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте сағатты мұнараны — 11 қыркүйек оқиғасы құрбандарына қойылған мемориал көшірмесін бұзды

KAZAKBOL.COM

Ташкент қаласының әкімдігі өткен аптада Grand Mir Hotel қонақ үйінің маңына тұрғызылған сағатты мұнараны бұзып тастады. Курант америкалық мемориал көшірмесі болуына байланысты осындай шешім шығарылған.

Өзбек астанасы орталығында АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт құрбандарына қойылған мемориал сағаттың көшірмесі пайда болғаны әлеуметтік желіде қызу пікір-талас туғызды.

Facebook қолданушылары мен бірқатар белсенді азаматтарТашкент әкімдігін плагиат жасады деп айыптады. 24 шілдеде түстен кейін жұмысшылар сары сағатты мұнараны бұзып тастады.

«Тіпті «Time to remember» деген жазуды да сол қалпында көшіріп алған. Өнердегі қылмыс», — деп жазды Facebook қолданушысы Vitaliy Khalzunov.

Ташкенттік блогер Мұрат Сарсенов теракт құрбандары мемориалының көшірмесі астанада не себепті пайда болғанын қала әкімшілігінен білгісі келген.

Бірақ Ташкент әкімдігі оның себебін түсіндіріп жатпады, бірақ мұнараны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM