Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев Назарбаев әулетіне ерекше мәртебе беретін тұңғыш президент туралы заңның күшін жойды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңының күшін жоятын және экс-президенттің туыстарын қудаламау иммунитетінен айыратын заңға қол қойды.

Заң сонымен бірге экс-президент пен оның туыстарының қауіпсіздігін өмір бойы мемлекет қазынасынан қаржыландыруға мүмкіндік беретін ережені де жояды.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған 82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге мемлекеттік органдар мен шенеуніктерге және халыққа мәлімдеме жасау құқығынан да айырылады.

Заң жобасын қаңтарда парламент мақұлдаған. Оның алдында Конституциялық сот «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңы күшін жоюға жатады деп шешкен.

2000 жылы қабылданған «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңы елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына көп басымдық берді. Заңға сай, Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.

Сарапшылар «Елбасы туралы» заңы жойылса да, Назарбаевқа берілген артықшылықтар сақталады, президент туралы заңға сәйкес, оны қудалауға тыйым салынғанын айтады. Олардың пікірінше, Қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреді, ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді. Тоқаев жұрт алдында сөйлеген сөздерінде Назарбаев пен оның айналасын сынға алып, Назарбаевтың жақындарын қызметтен кетірген. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжілістегі депутаттық мандатын қайтарды. Экс-президентің немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Назарбаевтар әулетінің құдасы Қайрат Боранбаев «ақша жымқыру» айыбымен қамауға алынды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM