Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Туыстары Қытайда ұсталғандар Алматыда БҰҰ кеңсесіне шағым тапсырды

KAZAKBOL.COM

Алматыда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағынан (әрі қарай Шыңжаң — ред.) Қазақстанға көшіп келген қазақ отбасыларының өкілдері қыркүйектің 26-сы баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды сұрады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Уют» қонақүйінде өткен жиынға Шыңжаң аймағының Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Мұңғылкүре ауданынан көшіп келген 30-ға тарта қазақ қатысты. Жиында Қытайда кейбір әулеттен онға дейін адам «саяси үйрену орталықтарында» қамауда отырғаны айтылды. Олар Қытайда туыстарының жазықсыз қамауда отырғанын айтып, Қазақстан билігінен оларды босатуға көмектесуін сұрады.

Баспасөз мәслихаты өтіп жатқанда Алмалы аудандық прокуратурасының екі өкілі келіп, жиналғандарға бұндай жиын өткізуге болмайтыны туралы түсіндірді де, ескерту қағазын қалдырып кетті. Ескерту қағазында Қазақстан заңы бойынша, «биліктен рұқсат алмай бейбіт шеруге, митингіге, жиын өткізуге болмайтыны» жазылған. Прокуратура өкілдері Азаттық тілшісіне аты-жөндерін атаудан бас тартты және не себепті баспасөз мәслихатын өткізбеу туралы ескерту жасағанына түсіндірме бермеді.

Баспасөз мәслихатынан соң жиналғандар Алматыдағы БҰҰ өкілдігіне көмек сұрап, хат тапсыруға барды. Өкілдік қызметкері олардың ішінен екі адамды өкілдік алдындағы өткізу пунктіне кіргізіп, хатын қабылдап алды. Қызметкер өкілдік Қытайдағы қазақтардың қамауда отырғанынан хабардар екенін айтып, қолдан келгенше көмек көрсететінін жеткізді.

​Қытайда жергілікті қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы 2017 жылдың сәуір айынан хабарлана бастаған. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезіндееуропалық қазақ Өмірхан Алтын бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерген.

Биыл мамыр айында Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін «Қытай азаматтығынан шығу заңдылығын бұзған болуы ықтимал» деген күдікпен Қытайда ұсталған этникалық қазақтар туралы журналистер сауалына жауап берді.

Министр жауабында: «Бізде дәл қазір 170-тей этникалық қазақ туралы мәлімет бар. Әрбір адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз» деп айтқан. Бұдан бөлек, Қытайда қамауда болған бірнеше азаматтың босап шыққаны белгілі болған.

Қытайдағы этникалық азшылық өкілдерінің «саяси лагерьлерге» жаппай қамалуы жайлы халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен әлемдік баспасөз жазып келеді. Тамызда The Financial Times газеті Қытайдан Қазақстанға қашып өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың хикаясынбаяндап, Шыңжаңдағы қуғын-сүргін туралы мақалаға жазған. Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Сяомин мақалаға жазған жауап хатында басылым дерегін «жұртты шатастыратын ақпарат» деп, Шыңжаңда этникалық топ өкілдерінің қудаланатынын терістеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM