Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ucell басшылығына 33 жастағы Владимир Кравченко келді

KAZAKBOL.COM

UzMobile ұлттық оператор директоры болған Владимир Кравченко таяуда ғана Өзбекстан үкіметіне сатылған Ucell компаниясының басшылығына келді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа басшы ұжымға таныстырылған. Оған дейін компанияны 2014 жылға дейін Тони Грюнберг басқарған. Ucell-дегі дереккөз мәліметінше, компанияның шетелдік қызметкерлерінің бәрі жұмыстан шығарылып, жергілікті мамандар алынған.

33 жастағы Владимир Кравченко Ташкенттегі ​Westminster International University оқу орнын бітірген. 2017 жылдың наурыз айында UzMobile компаниясының бас директоры болып тағайындалған. Кейін коммерциялық директор қызметіне түскен.

5 желтоқсанда үштен бір бөлігін Швеция иелік ететін Telia (бұрынғы TeliaSonera) компаниясы Ucell компаниясы акциясының 94 пайызын Өзбекстан үкіметіне 215 млн долларға сатқанын мәлімдеді.

Швециялық компанияны Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримоваға өзбек нарығына кіру үшін 331 млн доллар пара берді деп айыптағаннан кейін, Telia АҚШ-тың әділет министрлігіне 1 млрд доллар көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Соңында Ucell компанияны сатып, Өзбекстаннан біржола кетті.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM