Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина Бас прокуратурасы: Ресей жауынгерлерінің украин азаматтарын зорлауына қатысты 154 дерек тіркелді

KAZAKBOL.COM

Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері Бас прокуратура ресейлік жауынгерлердің украин азаматтарын зорлауға қатысты 154 оқиғаны тіркеген. Бұл туралы Украина Бас прокуратурасы кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстың ауыр түрі Ресей әскері басып алған украин аумақтарында тіркелген.

Мәселен, тергеушілер Херсонда Ресей жауынгерлері төрт ай бойы жергілікті бір әйелді зорлап келгенін анықтады. Наурыз айының басынан бері Херсонның тағы бір тұрғынын ресейлік жауынгерлер қайта-қайта зорлап қана қоймай, оны азаптаған, атап айтқанда үстіне қайнаған су құйған.

Бұған қоса прокурорлар гендерлік зорлық көрсету оқиғаларын анықтады: Донбастағы жанжал аймағында немесе Украина қарулы күштері сапында қызмет ететін украин жауынгерлерінің әйелдерін алып кетіп, оларды азаптаған.

Тергеушілер Ресей жауынгерлерінің украин азаматтарының жыныс мүшелеріне тоқ жүргізу арқылы азаптағанына қатысты 30-дан астам дерек тіркеді. Прокурорлар мәліметінше, Ресей басып алған аймақтарда украин азаматтарын тоқпен азаптауға қатысты жүзден астам оқиға анықталған.

Биыл шілде айында БҰҰ-ның жанжал кезіндегі зорлық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Прамила Паттен Украинада 124 зорлау оқиғасы анықталғанын хабарлаған. Оның пікірінше, мәлім болған жағдайлар шындықтың бергі жағы ғана, Ресейдің Украинаға қарсы соғысында зорлық оқиғалары бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM