Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинада президент сайлауы 31 наурызға белгіленді

KAZAKBOL.COM

Украина орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2019 жылдың 31 наурызына белгіледі. Президент сайлауы кампаниясы 31 желтоқсанда басталады.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну мен олардың құжаттарын қабылдау 3 ақпанда аяқталады. 8 ақпанда орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді аяқтап, президенттіктен үміткерлерді жариялайды.

31 наурызда кандидаттардың бірі 50 пайыздан көп дауыс жинағаны белгілі болса, онда дауыс берудің түпкілікті қорытындысы 10 сәуірге дейін жарияланады. Ал 31 наурыздағы дауыс беруде кандидаттардың бір де бірі 50 пайыздан асатын дауыс жинамаса, онда 21 сәуірде дауыс берудің екінші кезеңі өтеді. Екінші кезеңнің нәтижесі 1 мамырда жарияланып, ұлықтау рәсімі 31 мамырда өтеді.

Әлеуметтанушылар жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, жауап бергендердің 21 пайызға жуығы «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенкоға дауыс беруге дайын. Ықтимал кандидаттар арасындағы режиссер әрі шоумен Владимир Зеленскийге сауалнамаға қатысқандардың 13 пайызы дауыс беретінін айтады. Іс басындағы президент Петр Порошенкоға жауап бергендердің 11 пайызының дауыс беру ниеті бар.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM