Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Әйелін дуаламақ болған шымкенттік азаматтың әрекеті елді шошытты

KAZAKBOL.COM

Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова дуаланған адамдар мен дуа жасауға құмар жандардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы деп хабарлайды NUR.KZ.

«Көріпкелдікпен айналысадықтан дуаны да шеше аламын. Қазір қыздар мен жігіттер дуаны ермек қылып алған. Олар интернеттегі ақпараттар арқылы дуаның әртүрін жасап жүр. Ойлаудың өзі қорқынышты. Осындайлармен көп алысып жатырмыз. Қазір қара дуамен айналысатындар көп. Оны интернетпен де жасайды», — дейді Бақыт Жұматова.

Көріпкелдің айтуынша, оңтүстік өңірі тұрғындарының арасында қауіпті дуалар жасайтындар көбейген.

«50 жас шамасындағы ер адам келді. Дуа арқылы әйелін қайтарғысы келеді екен. Ол адамға көмектесе алмайтынымды айттым. Мен біреуге зиян келетін өтініштерден бірден бас тартамын. Ол мақсатты түрде басқаға зиян келтіру. Ондайлар көбейіп барады. Әсіресе, Шымкент жақта дуаны көп пайдаланады», — дейді көріпкел.

Бақыт Жұматова дуаланған адамнан айналасындағыларға жағымсыз әсер қалдыратын иістің болатынын айтады.

«Дуаны алу да қиын. Мен ондай адамдарға 41 күннен кейін тағы хабарласыңыз деп айтамын. Себебі дуа кейде бірден кетпейді. Егер үйде бір жамандық болса иіс көпке дейін тұрады. Сол секілді дуаның да иісі болады. Дуаланған адамнан жағымсыз иіс шығып, айналасындағылар оған жеккөрінішпен қарайтын болады. Жан-жағындағылардың шеттетуі де ол адамға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Біз нан көгерсе лақтырып тастаймыз. Дуаланған адам да сондай боп бұзылып, қажетсіз болып қалады. Негізі әр аурудың иісі бар», — дейді Жұматова.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM