Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз премьері «қыз алып қашу» қайғылы оқиғаға ұласқан істі жіті тергеуді талап етті

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылғазиев ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиевке Бурулайдың әкесі Турдаалы Кожоналиевпен жеке кездесіп, талап -тілектерін тыңдап, сот медициналық сараптама қорытындысын жіті тексеруді талап етті. Бұл жөнінде үкімет аппаратының қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Үкімет басшысы өзінің тікелей бақылауындағы 19 жастағы Бурулай Турдаалы кызының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс соңына дейін зерттеліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады деген.

Биыл 27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер бөлімшесінде 19 жастағы медициналық колледж студенті Бурулай Турдаалы қызы азаптап өлтірілді. Күдікті — оны алып қашқан жігіт. Милиция бөлімшесінде қызды пышақтаған соң, өзіне де қол жұмсамақ болған. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Ел президенті Сооронбай Жээнбековтің өзі үкіметке оқиғаны жіті тергеуді талап етті.

ІІМ қызметтік тергеуінің нәтижесінде 23 милиция қызметкеріне қатаң ескерту жасалып, 13-і қызметінен босатылды.

Қызды өлтірді деген айыпталушы Марс Бодошов 12 маусымда сот шешімімен ауруханадан тергеу абақтысына ауыстырылып, екі айға қамауға алынды.

Бурулай Турдаалы кызының ата-анасы марқұмның денесін эксгумациялауды талап етеді. Олар сараптама қорытындысымен келіспейді. Марқұмның әкесі сараптама қорытындысында Бурулайдың денесіне пышақпен жазу қалдырылғаны жөнінде айтылмаған дейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM