Контрабанда бойынша айыпталып, Қазақстанда қамауға алынған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулуның қандай да бір қылмыстық топқа қатысы бар жөнінде ішкі істер министрлігінде мәлімет жоқ. Осылай деп аталған мекеменің баспасөз хатшысы Бақыт Сеитов мәлімдеді.
«Депутаттыққа түскенде, оларды тіркеу алдында Орталық сайлау комиссиясы бізге тізім жібереді. Сотталмаған болса, қылмысы жоқ болса, ол азамат тіркеледі. Ол депутаттың қылмысы жөнінде бізде ешқандай мәлімет жоқ», — деді ол.
Биыл ақпан айында Қазақстанда контрабанда бойынша ұсталған 29 адамның арасында Қырғызстанның үш азаматы, оның ішінде Жогорку Кеңештің депутаты Дамирбек Асылбек уулу да бар болған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кейін Дамирбек Асылбек уулунда қазақстандық азаматтық болғанын мәлімдеді.
Бүгінде олардың істері Алматы сотында қаралып жатыр. Қырғыз депутаттары Дамирбек Асылбек уулунің ісін Қырғызстанда қарауын сұраған.
KAZAKBOL.COM