Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстан аймақты сумен қамтамасыз еткені үшін өтемақы алғысы келеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор саммитінде Орталық Азиядағы суды бөлудің өлшемі жөнінде мәселе көтерді. Сонымен бірге аталған қорға аймақтардың бөлетін жарнасы жөнінде сөз етті.

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың қызметін сынға алып, су мөлшерден тыс қолданылатынын айтып, елдер мүддесі үшін, ұйымды қайта құрылымдауды ұсынды.

Орталық Азия елдері лидерлері Арал проблемасы өзекті мәселе екенін мойындап, мұны барлық елдің мүддесін есепке ала отырып, шешу керек десті.

2016 жылы Қырғызстан Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға уақытша қатыспаймыз деп шешім қабылдаған. Ол кезде қырғыз билігі халықаралық қор елдің мүддесіне сай келмейді деп тұжырымдаған. Президент Сооронбай Жээнбеков 2009 жылы Алматыда өткен саммитте қырғыз тарабының ұсынысы есепке алынбағанын еске салды.

Сонымен бірге қор бағдарламасын қаржыландыруда ашықтық жоқ екені және қаржы тең бөлінбейтіні де айтылды.

Осыған байланысты қырғыз тарабы Нарын-Сырдария өзендерінің бассейнін пайдалану жөніндегі 1998 жылдың 17 наурызында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметі қол қойған келісімнің күшінде болғанын қалайды. Бұл келісімге сәйкес, су және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың компенсациялық механизмі қарастырылған.

Сонымен бірге қырғыз президенті СССР тұсында және одақ құлағаннан кейінгі кезеңдер үшін суға өтемақы төлеу қажеттігін ескертті. Осы кезеңдерде Өзбекстан мен Қазақстан ауыл шаруашылығын суғару үшін қырғыз суын пайдаланғанын айтты. Жоғарыда аталған құжатта көрші елдер жаз мезгілінде суды кедергісіз бергені үшін, Қырғызстанға жеңілдік қарастырылған екен. Бірақ 2005 жылдан кейін барлық жеңілдіктер алынып тасталған.

Қырғыз президентінің ұсынысына Өзбекстан мен Қазақстан басшылары ресми түсініктеме бермеді. Егер көрші мемлекеттер Қырғызстан ұсынысын қабылдайтын болса, ресми Бішкек Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға қайтадан толыққанды мүше болады. Аталған қор 1993 жылы Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның қатысуымен құрылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM