Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Данияр Үсенов паналаған Беларусьқа қарсылық нотасын жолдады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі 28 шілдеде Беларусьтің Бішкектегі уақытша сенімді өкілі Сергей Ивановты шақыртып алды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Ивановты елшілікке Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің Даниил Урицкий бүркеншік атымен Беларусь билігінің ресми өкілдері де келген көпшілік шараларға қатысуына байланысты шақыртқан.

Қырғыз тарапы арнайы өкілге қарсылық нотасын тапсырды. Онда Бішкек «Қырғызстанда өмірлік жазаға кесілген Данияр Үсеновтің Беларусь аймағында жүріп, әрекет етуіне қарсылық білдірген».

Қырғызстан Беларусь басшылығын өз жауапкершілігіне алған халықаралық міндеттерді орындауға тағы да шақырды.

27 шілдеде Tut.by басылымы Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновке ұқсайтын кісінің суретін жариялады. Бұл сурет «Белорусская национальная биотехнологическая корпорация» зауытын іске қосу салтанаты кезінде түсірілген. Сайт мәліметі бойынша, бұл компанияның директоры — Даниил Урицкий.

Еске салайық, Қырығызстанның елден қашып кеткен бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновті сот 2010 жылғы сәуір оқиғаларына байланысты өмірлік түрме жазасына кескен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM