KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда шекарадағы жанжал кезінде қырғыз әріптестеріне қаруларын тапсырып, тұтқынға түскен шекарашылар жазаланды. Бұл туралы Тәжікстан күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлады.

Дереккөздің мәлімдеуінше, тәжік шекарашылары ұсталып қалмауы керек еді. Оларға қандай жаза белгіленгені белгісіз, бірақ оқиғаны Әскери прокуратура зерттеп жатыр.

Дереккөз тұтқынға түскен шекарашылардың есімдерін атамады, тек олардың әскери қызметте бірінші жыл екенін айтты. Бұған дейін олар Соғды облысы әскери прокуратурасында тергелген.

4 шілдеде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Максат ауылында жергілікті тұрғындар мен шекарашылар жанжалдасып қалды. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз азаматтары футбол алаңында сауда жасаған. Тәжік шекарашылары оларды қуып шығуға талпынған. Жергілікті тұрғындар олар өзге елдің аумағына кірді деп есептейді. Оқиға орнына қырғыз шекарашылары келіп, шекарашылар төбелес қалған. Соның нәтижесінде төрт Калашников автоматы бар үш тәжік шекарашысы ұсталды. Аспанға оқ атылған. Оларды бір сағаттан соң Тәжікстанға қайтарды.

Тәжікстан шекара әскері басшылығының мәлімдеуінше, жанжалды қырғыз тарапы бастаған.

Бұл оқиғадан соң екі елдің шекарашылары Тәжікстан аумағында кездесіп, шекарада жанжал туындаған жағдайда оны қарусыз шешуге уағдаласты.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя