Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі қызметіне Жээнбек Кулубаевты тағайындау туралы жарлық шығарды.
Кулубаевтың кандидатурасын 2 қазанда Жогорку Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мақұлдаған.
Қырғызстан 2016 жылы елші Эсенгул Омуралиевтің миссиясы аяқталғаннан бері Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындамаған.
55 жастағы Жээнбек Кулубаев бұған дейін Қырғызстанның Малайзия мен Қытайдағы елшісі болған. Ол соңғы жылдары Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка елдері жөніндегі департаментін басқарған.
KAZAKBOL.COM