Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан: Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы ақшасын қайтару жөнінде келіссөз жүріп жатыр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнәр Каримоваға тиесілі Швейцарияда бұғатталған ақшаны елге қайтару үшін келіссөз жүргізіп жатқанын растады.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Сурайё Рахманова жергілікті БАҚ-қа келіссөздер әлі аяқталмағанын хабарлады.

«Бұл мәселе қазір Швейцария прокуратура өкілдерімен бірлесіп шешіліп жатыр. Шешім нақты қабылданған жағдайда, біз ресми мәлімдейтін боламыз», – деді Сурайё Рахманова.

Өзбекстан билігі Гүлнәр Каримованың қазіргі жағдайы туралы соңғы рет былтыр, 28 шілдеде жариялаған. Бұл мәліметке қарағанда, Ташкент соты 2015 жылдың тамыз айында Каримованы «салықтан жалтарды, офшорлы компаниялардың құжаттарын жойып жіберді» деген айыптармен 5 жылға соттаған.

Осыған дейін Гүлнәр Каримованың адвокаттары 21-22 маусымда онымен кездескенін жариялаған.

Швейцария банкінде Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға тиесілі деген ақшаның көлемі 810 миллион АҚШ доллары (800 миллион швейцар франкі) шамасында. 18 маусымда швейцариялық ақпарат құралдары прокуратура 800 миллион франктің 686.7 миллионын тез арада Ташкентке қайтару жөнінде ордер бергенін хабарлаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM