Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан президенті жаңа туған Шавкат, Миромон және Мирзиёнің ата-анасына көлік сыйлады

KAZAKBOL.COM

Ташкентте дүниеге келген үшемге президенттің құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзиё деп ат қойған ата-анасына Өзбекстан басшысы «Кобальт» маркалы көлік сыйға тартты. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Желтоқсан айының 18-де Ташкент шаһарында Руслан Корёгдиев пен Мохигул Шайкулованың отбасында үшем дүниеге келген. Олар үш ұлына Өзбекстан президентінің құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзиё деген ат берген.

Осыдан бір жыл бұрын Хорезмде Мансурбек Матжоновтың отбасында туған үшемге де Шавкат, Миромон және Мирзиё деген есімдер берілген еді. 2017 жылы сәуір айында Бұхарада Жамшид Шодиевтің отбасында дүниеге келген үшемге де дәл осындай есімдер қойылған.

Өзбекстанда ұлдарына басшының есімін беру Ислам Каримов кезінде де болды. Мәселен Әндіжанда Ислам, Абдуғани және Каримжон есімді үшем тұрады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM