Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда цирк маймылын жыртқыш аңдар жеп қойған

KAZAKBOL.COM

16 шілдеде «Өзбек мемлекеттік циркінде» өнер көрсетіп келген «Рыжик» атты маймылды жолбарыс пен арыстан жеп қойған. Цирк қожайыны жануарлардың бәрін бір торда ұстап келген.

Өзбек мемлекеттік циркінде жануарларды үйретуші болып істейтін Азамат Хусинов ережеге сәйкес, циркте ойнайтын жануарларды бөлек торда ұстау керек дейді. Бірақ биыл қаңтар айында жаңадан келген директор «Рыжик» атты маймылға бөлінген бөлмені алып қойған.

«Қыста «Рыжик» суық гаражда тұрды, сосын оны мал дәрігерлері бөлмесіне орналастырды. Мен суыққа шыдамай үсіп қалуы мүмкін деп бірнеше рет ескерттім», – дейді Азамат Хусинов.

​Кейін маймылды екі жолбарыс және бір арыстан жататын бөлмеге орналастырған. Жеке бөлмені «Рыжикке» ғана емес, оны үйретуші Азамат Хусиновқа да бермеген. Сосын ол сахнаға шығар кезде, амалсыздан жолбарыстар тұратын бөлмеде киім ауыстырып келген.

Азамат Хусинов «Рыжиктің» өліміне «Өзбек мемлекеттік циркінің» директоры Рустам Мажидовты кінәлайды. Ол жәй-жапсарды түсіндіріп, Өзбекстанның мәдениет министрінің атына шағымданған.

«2-3 ай бұрын Ресейде өнер көрсету үшін шақырту алдым. Сол кезде директордың міндетін атқарушы Рустам Мажидов әртүрлі себептермен шақыртуды қабылдамады. Ол менің баруымды қаламады. Кейін мен шақыртуды кадрлар бөліміне ұсынғанымда, Рустам Мажидов көркемдік кеңесті шақыртып, тағы да мені жібермеді. Себебі, көркемдік кеңесте Мажидовті қолдайтын адамдар отыр. Ресей тарабы менің жануарлармен бірге өнер көрсетуіме де қаламақы төлейміз деген. Бірақ Рустам Мажидов жеке басын ойлап, Ресей бөлетін ақшаны маған бересің деді. Мен оның талабына келіспедім», – дейді Азамат Хусинов министрге жазған хатында.

Цирк директоры Рустам Мажидов Ресей циркінен шақырту келгенін растайды, бірақ Азамат Хусиновты бопсалағанын теріске шығарады.

​Ол маймылдың етін жеп, дәмін білген жолбарыс пен арыстанды Ташкент хайуанаттар бағына жібергенін айтты. Бірақ жануарларды қолға үйретуші Азамат Хусинов бұл жолбарыс пен арыстанды зообаққа жіберуге себеп емес дейді. «Мал дәрігерінің нұсқауы бойынша, екі апта сайын оларды қоян етімен тамақтандырдық», – дейді Азамат Хусинов.

Оған қазіргі уақытта зообақтағы жануарларға баруына тыйым салыпты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM