Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жиен қарындасын зорламақ болған ақтөбелік студент ұсталды

KAZAKBOL.COM

Ақтөбеде алты жастағы қыз баланы зорлауға әрекеттенген 16 жастағы күдікті ұсталды.

Бұл туралы Керек.info тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

Оқиға Ақтөбемен іргелес Опытный ауылында 7 наурыз күні болған. Осы ауылдың тұрғыны жас әйел екі баласын кімге тастарын білмей, үйіне ағасының жасөспірім ұлын шақыртып алады. Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжінің 1 курсында оқитын бозбала туысының өтінішін жерге тастамаған. Анасы оралғанша үлкені 6 жастағы екі жиеніне бас-көз бола тұруға келіскен.

Бірнеше сағаттан соң үйіне оралған әйел алты жасар қызының жылап отырғанын көреді. Бозбала оны алдарқатып, жұбатып отырған. Анасы қызының киіміндегі қанды көрген соң ғана өз әкесі мен ағасын шақыртады.

Сенімді ақпарат көзі сол жерде әкелі-балалы үшеудің «еркектерше» сөйлескенін айтады. Осы әңгімеден соң жасөспірім үйінен қашып кеткен. Бірнеше күн достарының үйінде жасырынып жүреді.

Араға бір апта салып яғни, күдікті тұтқынға алынды. Қазір №2 Ақтөбе қалалық соты ҚР ҚК 124 бабымен (жас балаларды азғындық жолға түсіру) айып тағылған бозбаланың ісін қарап жатыр. Аталған бап бойынша айып тағылған азамат 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сот процесі кезінде кәмелеттік жасқа толмаған күдікті қобалжып, тұтығып өз фамилиясын да дұрыс айта алмаған. Сенімді ақпарат көзінің мәліметінше, Ақтөбе ауылшаруашылық колледждің 1 курс студенті өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Ол туысының үйіне келген сәтінде жиен қарындасының бір бөлмеде жылап отырғанын айтып ақталуда.

Күдікті мен жәбірленуші қыз бала бір-біріне туыс адамдар. Бір ауылда тұрады.

Керек. info тілшісі оқиға орнына да барған болатын. Тілшіге есікті жәбірленушінің атасы ашты. Ол болған жайды жоққа шығарған жоқ. Тілдесуге де құлық танытпады. “Не істерімді білмей жүрмін. Басым әбден қатып кетті” деп қысқа қайырды. Салы суға кетіп тұрған ер адамның жүзінен алаңдаушылық байқалады.

Жәбірленуші қыз бірнеше күн ауруханада жатып емделген. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин толыққанды ақпарат бермесе де, баланың ауруханадан шығып кеткендігін айтты.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев та болған оқиғаны растады. Бірақ “жабық ақпарат” деп мән-жайға толық тоқталған жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр 13 қыркүйек күні Ақтөбеде 35 жастағы ер адам 5 жастағы қыздың зорламақ болған еді. Қазір бұл іспен сот айналысып жатыр

 


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM