Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Зорланған баланың» ісі тоқтатылды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның Бас прокуратурасының тергеу тобы Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Абай ауылында «зорланған баланың» ісін тоқтатты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Прокуратураның мәлімдеуінше, «зорланған бала» ісі бойынша 14 кешенді сот сараптамасы мен төрт түрлі зерттеу жүргізілген.

«Оқиғаның шынайылығын анықтау мақсатында сот сараптамасы, медициналық, психологиялық-психиатрлық, биологиялық, молекулярлық-геномдық сараптамалар жүргізілді. Зардап шеккен тараптың өкілдерінің өтініші бойынша іске Ресей, Қырғызстан және Грузиядан келген жекеменшік және мемлекеттік сарапшылар қатысты. Сондай-ақ, іске балалар дәрігерлері жұмылдырылды» деп хабарлады прокуратура.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағына сай, сексуалдық зорлық үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

«Төрт күдіктінің ішінде тек біреуі ғана 14 жасқа толған. Оның ісі Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігіне («Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») сәйкес деп танылды. Қалғандарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі олар 14 жасқа толмаған. Оқиғаның басқа мән-жайы жарияланбайды» деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Биыл 13 наурызда Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттыққа жеті жастағы жиенін 2017 жылдың тамызынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте «ұрып, зорлағанын» айтқан. Ол жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын жеткізген. Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан.

https://www.centralasian.org/a/29416389.html

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM