Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда пара алды деген күдікпен екі прокурор ұсталды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Жызақ облысы аудандарының бірінің прокуроры пара алып жатқан жерінен ұсталған. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеканалы өлкенің Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке қарағанда, прокурор жергілікті құрылыс компаниясы басшысынан заң бұзғаны үшін 2 мың доллар талап етіп, оның 800 долларын алып жатқанда қолға түскен.

Дәл осы секілді Самарқанд облысындағы аудандардың бірінің прокурорының орынбасары ұсталған. Ол жергілікті диқанның үш жылға сотталған жазасын қатайтып, бүрынғы үкімді күшінде қалдыру үшін одан 10 мың доллар талап еткен.

Бұдан бөлек пара алу кезінде Наманган облысында Мәжбүрлеп орындату бюросының бөлім басшысы да ұсталған. Ол жергілікті тұрғындардың біріне Қырғызстандағы Жалал-Абад мемлекеттік университетінен Әндіжан мемлекеттік медицина институтына ауысуға жәрдем беріп, бұл қызметі үшін 700 доллар сұраған. Ол 200 долларын алып жатқан кезінде қолға түскен.

Бұл оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM