Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда әйелінің пәктігін қайтырғысы келген ерлер қыруар ақша төлеп, ота жасатуда

KAZAKBOL.COM

Алматыдағы жеке меншік клиникалардың бірінде жұмыс істейтін дәрігер-гинеколог пәктігін қалпына келтіру отасына сұраныстың артып келе жатқанын айтты. Оның сөзіне сенсек, әйелінің пәктігін қайта қалпына келтіргісі келіп, ол үшін ақы төлеуге дайын ер адамдар аз емес екен. Бұл туралы pandaland.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Гименопластика — біздің клиникамыздағы ең кең таралған оталардың бірі. Отаны 18 жастан асқан бойжеткендерге жасауға болады. Гименопластиканың екі түрі бар. Қысқа мерзімді және ұзақмерзімді.

Ұзақмерзімді гименопластикада қынап үш қабатына дейін тігіледі де, ол 100 пайызға дейін шынайылық әсерін береді. Бұл отаны жасауға, негізінде, тұрмысқа шығатын қалыңдықтар жүгінеді. Бірақ, тіпті кейде күйеуі бар әйелдер де келеді. Кейбірі әйелдерін қолынан жетектеп тұрып әкеледі», — дейді Елена Кротова.

Ал психологтардың айтуынша, мұндай отаға қыздар қорқыныштан барады екен. Бірі тұрмысқа шықпай қалудан қорықса, екіншілері өтірігі шығып қалмауы үшін жанталасады екен. Олардың айтуынша, егер болашақ жарыңмен тату-тәтті өмір сүргің келсе, онда оған әу бастан-ақ шындықты айтқан жөн.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM