Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан азаматтары Батырхан Шүкенов атындағы көшені қолдай алады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның электронды үкімет порталы 13 шілдеде Алматы қаласының Алатау және Бостандық аудандарында бірқатар көше аттарын өзгерту туралы жобаны қоғам талқылауына шығарды.

Солардың арасында Алатау ықшам ауданындағы Наурыз көшесін әнші әрі сазгер Батырхан Шүкенов есіміне өзгерту ұсынылды.

Алатау шағын ауданы Қазақстанның алғашқы президенті атындағы саябақтың шығыс жағында орналасқан. Қалада 164 көше атын өзгерту туралы жобаны 27 шілдеге дейін талқылауға болады.

Заң жобаларын ашық талдау жөніндегі портал 2016 жылы ашылған. Электронды қолға ие азаматтар сонда жарияланған бастамаларға дауыс бере алады.

Батырхан Шүкенов 2015 жылы сәуірде Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды. Алматы қаласында әншіге көше атын беру туралы ұсыныс үш жылдан бері айтылып келеді.

Биыл мамыр айынла музыканттың туған жері — Қызылорда қаласында әнші ескерткіші ашылды.

Наурыз көшесін Шүкенов деп өззерту туралы ұсыныс әкімдіктегі жиналыста биыл 28 сәуірде — әншінің қазасына үш жыл толған күні айтылды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM