Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ферғанада Өзбекстан және Тәжікстан премьер-министрлерінің кездесуі өтеді

KAZAKBOL.COM

Ферғанада 16 шілдеде Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзаданың кездесуі өтеді, деп хабарлады Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Үкімет басшылары, құрамында министрліктер мен мекеме басшылары бар делегациялар екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, әсіресе өзбек-тәжік президенттерінің алдағы кездесуіне дайындықты талқылайды», – делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, 2018 жылы наурызда Өзбекстан президенті 18 жылда алғаш рет Тәжікстанға ресми сапармен барды. Жабық есік жағдайында өткен кездесуде Мирзияев пен Рахмон 27 құжатқа қол қойды.

Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы бар болғаны 12 млн доллар болған. 2017 жылы, Өзбекстан президенті болып Шавкат Мирзияев сайланған соң, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 240 млн долларға жетті. Биыл наурыз айында Душанбедегі кездесуде президенттер тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздейтінін мәлімдеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM