Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстанда бес жыл ішінде ажырасуды 30 пайызға қысқартпақ (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда жыл сайын әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Соңғы 10 жылда елде бір жарым миллион отбасының дәм-тұзы жараспаған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайды өте қиын деп бағалап, ажырасуды азайту үшін шара қолдануды тапсырған.

Шенеуніктер президент тапсырмасын орындауға дайынбыз деп есеп беріп жатыр. Келесі жылдан бастап қолға алмақ. 2023 жылға қарай ажырасу санын 30 пайызға қысқартатын заң жобасын да әзірлеп үлгерген.

Қоғамдық даму министрлігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан бойынша «отбасылық тәрбие және қолдау» орталықтары ашылады.

«Бірінші кезекте некеге енді тұрған жастармен жұмыс істеу керек, – деген сенімде қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев. – Алдымен некеге отырмас бұрын, адамдарға отбасын құру оңай емес екенін түсіндіру қажет».

Психолог Лимана Қойшиева шаңырақ көтеретін жастар алдымен сәйкестік жөнінде тест тапсыру керек деп есептейді. «Ең басты проблема жұбайлар бірін-бірі түсінбей жатады. Біраз уақыт өткен соң, күйеуі не әйелі жұмыс істеуді қояды. Қажеттілік арта бастайды, шығын көбейеді, сосын арада түсінбеушілік пайда болады», — дейді психолог.

Ал Қазақстандағы жас отбасы биліктен пәтермен қамтамасыз етіп, материалдық тұрғыдан көмек көрсетуін сұрайды. Олар ажырасудың басты себебі осы деп біледі. Қазақстанда жас отбасылардың 70 пайызы тұрғын үй мәселесінде қиындық көретінін, ал 60 пайызы қаржылық тапшылық көретінін айтады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM