Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда ондаған шетелдік теле және радио арнаның жұмысы тоқтайды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстан аумағында ретрансляция жасайтын, бірақ заң талабы бойынша тіркеліп, өкілдігін ашпағаны үшін 88 шетелдік телеарна мен радионың қызметі тоқтайтынын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, 2017 жылы қабылданып, 2018 жылы 9 қаңтарда күшіне енген «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңға енгізілген түзетулерге сай, шетелдік теле және радио арналар 9 шілдеге дейін Қазақстанда өкілдігін ашуға міндеттелген.

Осы мерзім аралығында Қазақстанда тіркеуге алынған 307 шетелдік теле және радио арнаның 219-ы өз өкілдігін ашқан, 88-і талапты орындамаған. Осыған байланысты 88 арнаның есепке қою туралы куәлігі қайтарылып алынған, енді қызметтері тоқтатылмақ.

Министрлік сайтында жарияланған 88 теле және радио арналары тізімінде ресейлік Russia Today TV, «Дождь» телеарналары, ұлыбританиялық Sky News, америкалық Fox News Channel телеарнасы, Bloomberg Television, France 24 арналары бар.

Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстанда хабар таратқысы келетін шетелдік теле және радио арналар енді қайта тіркеуге тұрып, өз өкілдігін ашуы тиіс екенін ескертті.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM