Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бердымұхамедов Аралды құтқару қоры саммитіне Мирзияевті шақырды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан және Түркіменстан президенттері Шавкат Мирзияев пен Гурбангұлы Бердымұхамедов телефонмен келіссөздер өткізді, деп хабарлады өзбекстандық президенттің баспасөз қызметі.

«Түркіменстан президентінің Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық бастамаларына жоғары баға берілді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Гурбангұлы Бердымұхамедовтің биыл сәуір айында Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары жемісті болғаны атап өтілді.

Келіссөздер барысында сауда, өндірістік кооперациялар, энергетика, көлік және транзит коммуникациясын дамыту, сонымен бірге мәдениет саласында әріптестікті арттыру мүмкіндіктері талқыланды. Президенттер аймақтағы және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Түркіменстан президенті өзбек әріптесін биыл тамыз айында Ашхабадта өтетін Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысуға шақырды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM