Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

CNN Дональд Трамп пен оның әкімшілігін сотқа берді

KAZAKBOL.COM

CNN телеканал журналисі Джим Акостаны Ақ үйге аккредитациядан айырғаны үшін, Дональд Трамп пен оның әкімшілігін сотқа берді.

Джим Акоста Конгресске аралық сайлау қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде «Трамп неліктен сайлауалды сөзінде мигранттарды «жаулап алушылар» деп атағанын сұраған. CNN журналисі сонымен бірге Ресеймен байланысы бар деген іс бойынша президент қорықпайды ма деген сұрақ қойған.

Трамп Акоста сұрақтарына жауап беруден бас тартып, оны «дөрекі әрі жиіркенішті адам» деп атады. Осыдан кейін CNN тілшісіне Ақ үйге кіруіне тыйым салынды. Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс журналисті ерсі қылықтары үшін айыптады. Оның айтуынша, Акоста микрофонды алмақ болып, тәжірибеден өтуші қыздың қолын әдейі ұстаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары жарияланған видеоны көріп, қолдан жасалған деп, Ақ үйді айыптады. Трампқа қарсы шағымда CNN жауап беруші ретінде қосымша бес адамды көрсеткен. Олар — Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келли, баспасөз хатшы Сара Сандерс, коммуникация жөніндегі штаб басшысының орынбасары Билл Шин, Құпия қызмет директоры Джозеф Кланси мен мекеме офицері Джон Доу.

CNN Акостаға аккредитацины қайта беруін талап етеді. Телеканал сотқа түсіріп отырған шағым тек ғана тілшіге байланысты емес екенін айтып, бұл сайланған шенеуніктер жайында сұрақ қойған әрбір журналистің басына түсуі мүмкін деп ескертеді.

2017 жылдың басында президент қызметіне кірісер алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде Трамп CNN тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, «жалған жаңалықтар таратады» деп мәлімдеген. CNN басшылығы сол кезде президент әрекетін айыптап, журналисіне қолдау көрсеткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM