Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Google қызға қырындаған 48 қызметкерін жұмыстан шығарды


Google компаниясы екі жылдың ішінде 48 қызметкерін қызға қырындады деген айыппен жұмыстан шығарған. Олардың ішінде 13 топ-менеджер бар. Бұл туралы ақпарат құралдары компанияның бас директоры Сундар Пичаи хатына сілтеме жасап хабарлады.

Хатта Пичаи Google компаниясының жұмыс кезінде қызметкерлерінің қауіпсіздігіне өте үлкен мән беретінін жазды. Бас директордың айтуынша, қызға қырындады деп айыпталған қызметкерлердің ешқайсысына жұмыстын шығарғанда төленетін өтемақы берілмеген.

Google бас директоры New York Times газетінде жарияланған мақаладан соң осы хатты жазған. Америкалық газет Android операциялық жүйесін жасаушы Энди Рубин компаниядан жұмыстан кетерде 90 миллион доллар алған. Оны ерсі қылықтары үшін айыптаған еді. Рубин бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, оларды «бұрынғы әйелінің кек алу мақсатында жүргізген арандатушылығы» деп атаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM