Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шетел велотуристерін өлтірді деп айыпталған Абдусамадов жасаған ісіне өкінбейді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Дангар аймағында шетел велотуристеріне шабуыл жасаған топ жетекшісі Хусейн Абдусамадов сотта жасаған ісіне өкінбейтінін мәлімдеген.

Тәжікстанның Жоғарғы соты 23 қазанда шетел велотуристерінің өліміне қатысты қылмыстық істі қарай бастады. Көшпелі сот Тәжікстан әділет министрлігіне қарасты тергеу абақтысының ғимаратында өтіп жатыр. Сотталушылар орындығында 17 адам. Бірқатар сотталушыларға қылмыс туралы алдын ала хабарлап айтпағаны үшін айып тағылған.

29 маусымда терроршылар мінген автокөлік Тәжікстанды аралап жүрген шетел туристерін қағып кетті. Балта мен пышақ ұстаған олар велотуристерге шабуылдаған. Терактіден төрт шетел азаматы қаза тапты, екі адам ауыр жараланды.

Туристерге шабуылдаған бес адамнан Хусейн Абдусамадов қана тірі қалған, қалғандарының арнайы операция кезінде көзі жойылды. Топ жетекшісі Хусейн Абдусамадовқа қарсы «аса қатігездікпен кісі өлтіру» және «терроризм» айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жоғарғы сот судьясы Бобокалон Муродзода сотталушылардың барлығы кінәсін мойындады деп хабарлады. «Көпшілігі жасаған ісіне өкініш білдірді. Тек Хусейн Абдусамадов қана жасаған ісіне өкінбейді», деді судья. Қазір сотталушылардан жауап алынып жатыр. Соттың кезекті отырысы дүйсенбі, 29 қазанда өтеді.

Еске салайық, Тәжікстан арнайы қызметі дайындаған «Гирдоб» телебағдарламасында Абдусамадов терактіні Тәжікстан ислам өркендеу партиясының белсенді мүшесі Кори Носирдің тапсырысымен жасағанын мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM