Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Кыргыз чоролору» биліктен заңсыз жүрген шетелдіктерді елден қууды талап етті

KAZAKBOL.COM

«Кыргыз чоролору» қоғамдық бірлестігінің мүшелері республика аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын елден шығаруды биліктен талап етті. Олар бүгін Қытай елшілігі ғимараты маңында пикет өткізді.

«Азаттык» тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, акцияға шамамен 200 адам қатысып жатыр. Пикетті ұйымдастырушылардың пікірінше, мемлекеттік органдар елде заңсыз жүргендердің нақты санын білу үшін бірлескен қоғамдық комиссия құруы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, ұйым мүшелері бұл жұмыстармен өз еркімен кіріседі.

Бұның алдында пикетті ұйымдастырушылар Қытай билігінен этникалық аз ұлттарды қудаламауын талап еткен еді.

Бішкекте Қытайдағы «саяси тәрбиелеу лагерлеріндегі» этникалық қырғыздардың, қазақтардың және ұйғырлардың мәселелеріне қатысты бірнеше пикет өтті.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұл мәселеде Бішкекке сақ болу керектігін мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM